USD
USD
USD

Бес тәулік бойы іздеген: Павлодарда суға кеткен ер адамның мәйіті табылды

Бес тәулікке созылған іздестіру жұмыстары кезінде суға кеткен ер адамның мәйіті табылды. Ол "Ертіс" футбол клубының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай құрамасының мүшесі болған, деп хабарлайды

Бес тәулік бойы іздеген: Павлодарда суға кеткен ер адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Sputnik.kz.

Павлодар, NEGE.  "10 қыркүйек күні сағат 16.53-те Павлодар ауданы Кенжекөл ауылының маңында төрт құтқарушы 5 қыркүйекте балық аулау кезінде суға кеткен 1995 жылғы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды", - деп мәлімдеді ТЖД.

"Мәйітті балықшы Ақсу көпірінің астынан кездейсоқ көріп қалған", - деп хабарлады агенттік тілшісіне павлодарлық "VITA" іздеу тобындағылар.

Қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында болған. Екі дос балық аулауға шыққан. Алайда олардың бірі "Ертіс" футбол командасының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай құрамасының ойыншысы, 1995 жылғы ер адам жағаға қатты жақын келіп, аяғы тайып, құлап кеткен. Досы оны құтқара алмаған.

Ер адамды іздеу жұмыстары бес тәулік бойы жалғасты. Іздестіру жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, сондай-ақ Павлодар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Павлодардағы "ВИТА" еріктілері, суға батқан жігіттің туыстары мен жақындары жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті