USD
USD
USD

Бес облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ертең еліміздің 5 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бес облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде арты шаңды дауылға айналуы мүмкін.

20 қазанда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік