Бес облыста көктайғақ болады
Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен ҚР бес облысында тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласында 5 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. 5 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетауда тұман, көктайғақ күтіледі. 05 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с», – делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарында да дауылды ескерту жарияланды.
«5 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Петропавл қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. 5-7 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Батыстан соққан жел 5 желтоқсан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, 6-7 желтоқсанда Қармақшы ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күтіледі. 5 желтоқсанда Қостанай облысының басым бөлігінде қар, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай қ: 5 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі», – делінген хабарда. Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-100%.