USD
USD
USD

Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27-28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, 27 қазанда түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді. 28 қазанда түнде желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с жетеді.

27 қазанда күндіз, 28 қазанда Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

27 қазанда Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың батысында тұман түсуі мүмкін.

27 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

27 қазанда күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, және орталығында тұман түсуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай