USD
USD
USD

Бес күнде 13 млн теңге айыппұл салынды

Отбасылық шара, той-томалақ өткізгендерге айыппұл салынды.

Бес күнде 13 млн теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында қараша айының алғашқы бес күнінде отбасылық шараларды жасаған тұрғындарға 13 млн 84,580 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен облыстық жедел штаб отырысында айтылды.. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, індеттің өршуіне адамдардың санитарлық талаптарды сақтамауы себеп болуда. Мониторингтік топтар жүргізіп жатқан түсінік жұмыстарына қарамастан, садақа, той өткізу тыйылмай отыр.

Оның сөзіне қарағанда, облыста 1-5 қараша аралығында 118 адамның індет жұқтырғаны тіркелді. Соның ішінде бүгін 49 адамнан анықталған. Қыркүйекте – 111, қазанда 161 адам ауырған болатын. Соңғы бес күнде 38 зейнеткер, 9 оқушы және 4 мұғалімнің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Індеттің өсе түсуіне байланысты облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері 9 қарашадан бастап 14 күнге қалаға кіреберіске қайтадан блокпостар қою, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу, қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметін тоқтату, қызметкерлердің 80 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеуге жіберу және басқа қосымша шектеу шараларын енгізуді ұсынды. М.Арыспаевтың бұл ұсынысы облыстық жедел штаб отырысында қаралып, тиісті шешім қабылданатын болады.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов жұбайымен жанжалдан кейін әкімшілік жауапқа тартылды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль