USD
USD
USD

Бес күн ереуілдеткен "Sicim" жұмысшыларының талаптары орындалмады

Бес күнге созылған ереуілден кейін "Sicim" компаниясының 400-ге жуық жұмысшысы жалақысыз демалысқа шығып, тағы 9 адам жұмыстан кету туралы арыз жазғаны белгілі болды, деп хабарлады Stan.kz.

Бес күн ереуілдеткен "Sicim" жұмысшыларының талаптары орындалмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмысшылар басшылықтан жалақыны 50 пайызға өсіруді сұраған. Бұл талап орындалмаған.

Бұдан бөлек, 20 қаңтар күні жұмысшылар сол күні шыққан компания басшысының бұйрығымен танысқан. Онда 1 ақпаннан бастап жұмысшылар жалақысының инфляция деңгейіне сәйкес, 20 пайызға индекстеу жүргізілетіні; технологиялық құбыр жөндеушілері (монтажник) мен болат және темір құрылысты жөндеушілердің тариф ақылары теңестірілетіні; ауысым күндерінде жұмысшыларға Ақсай-Орал-Ақсай бағытында жүретін автобус бекітілетіні; 1 тамыздан бастап жұмысшылар жалақысы 10 пайызға өсірілетіні; жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары сәтті аяқталған жағдайда жұмысшыларға орташа жалақы көлемінде сыйақы төленетіні жазылған.

"Бүгінге дейін 400-ге жуық қызметкер өз бастамаларымен жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шықты, тағы тоғыз адам өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Осы күндері 16 қаңтардан бастап бүгінге дейін кәсіпорынның техникалық қызметкерлері (асхана, кір жуу және т.б.) әдеттегідей жұмыс істеді. Шамамен 1900 жұмысшылар таңғы, түскі және кешкі аспен қамтамасыз етілді. Біз өз кезегімізде ереуіл бастамашыларын анықтап, оларды қудалауды көздеп отырған жоқпыз", - дейді KKS-Sicim жобасының жетекшісі  Роза Кагирова.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті