USD
USD
USD

«Бес қару» fest жобасы басталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында «Shymqala» этноауылында «Бес қару» fest жобасы бастау алды. 

«Бес қару» fest жобасы басталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Үш күнге созылатын іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен. Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізеді.

Батырлар институты тақырыбын барынша ашу мақсатында еліміздің танымал тарих және этнолог ғалымдары мен шетелдік жыршылардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылады.  Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларынан жыршылар мен көршілес қырғыз және өзбек елдерінің жыршы-жомоқшылары, каскадерлар мен этно-фольклорлық топ әншілері қатысады. 
«Бесқару» fest жобасы үш күнге жалғасады.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев