USD
USD
USD

Ақтөбе облысының бес ауданына су басу қаупі төнді

Ақтөбе облысының бес ауданын толассыз жауған жаңбыр мен күннің күрт жылынуынан су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Ktk.kz cайты хабарлады. 

Ақтөбе облысының бес ауданына су басу қаупі төнді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірдегі өзендердегі су деңгейі айтарлықтай көтеріліп, бірнеше аумаққа қауіп төнуде. Су басу қаупі қатты жауған жауын мен қардың еруінен туындады. Байғанин ауданындағы Сағыз өзені әдетте көктемде болатын қардың кенет еруі мен жауын-шашынның салдарынан суға толды.

Дәл осындай жағдай Шалқар ауданында да орын алып, ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты қар еріп, қатты ағынмен су тасып жатыр. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыстың бес ауданында еріген және жаңбыр суы жиналып, тұрғын үйлерді су басқан жағдайда төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылып, тәулік ішінде мың текше метр су сорылды. Жедел шаралардың арқасында төтенше жағдайлардың алдын алды.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Нұрбек Оралбаев төтенше жағдайлар департаментінің күштері жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста суды сору және арнаға тарту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басу қаупі жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар