Дүние
Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек
АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа баспасөз хатшысы Кэти Захария қызметіне кіріскеніне бес күн өтпей жатып орнын босатпақ. Америкалық БАҚ мәліметінше, ол Ақ үйде қалуы мүмкін, бірақ басқа қызметке ауысады.
Астана, NEGE. Захарияның алғашқы баспасөз мәслихаты сәтсіз өтті. Журналистермен кездесу шамамен 15 минутқа созылғанымен, ол небәрі үш сұраққа жауап берген. Бірнеше рет сөзінен жаңылып, бір тұста күйеуін «менің президентім» деп атап жіберген. Осыдан кейін оның жұмысы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Көп ұзамай Захарияның адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ екені де белгілі болды. Бұған дейін Трамп оны адвокат ретінде таныстырған. Алайда БАҚ мәліметінше, Захария тиісті емтиханнан өте алмаған.
Трамптың өзі де оған бұл қызметке келу туралы шешімін қайта ойлануға кеңес бергенін айтты.
42 жастағы Захария декреттік демалысқа кеткен Кэролайн Левиттің орнына тағайындалған еді. Бұған дейін ол саяси коммуникация саласында жұмыс істеп, консервативтік телеарналарда сарапшы ретінде пікір білдіріп жүрген.
Захарияның қызметтен кетуіне нақты не себеп болғаны әзірге ресми жарияланған жоқ.