USD
USD
USD

Берлинде мәдениет саласының қызметкерлері шеруге шықты

  Германияда мәдениет пен өнер саласының өкілдерінің шеруі өтті. Елдің түкпір-түкпірінен осы шараға қатысу үшін мыңдаған адам Берлинге келді.

Берлинде мәдениет саласының қызметкерлері шеруге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пандемияның кесірінен көбі наурыз айынан бері жұмыссыз отыр. Олар табыстары 90%-ке азайғанын айтады. Бұл салаға пайда негізінен бұқаралық іс-шаралардан түсетін. Германияда жылдың аяғына дейін конгресстер, жәрмеңкелер мен фестивальдер өткізуге тыйым салынды. Осының кесірінен дыбыс режиссёрлер, көлік жүргізушілер, көрме орталықтарының иелерінен бастап аспаздар мен әншілерге дейін көптеген адам нәпақасыз қалды.

Шерушілер өз көліктерімен қаланың орталық көшелерін бөгеп, жол қозғалысына кедергі келтірді. Наразылар саясаткерлердің назарын аударып, жұмыстарын жалғастыру үшін биліктің рұқсат беруін талап етті. Осы шараға туризм саласының да өкілдері қосылды. Жалпы ұйымдастырушылардың есебінше, шеруге 8 мыңдай адам қатысты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy