USD
USD
USD

Берлинде «Абай үйі» ашылды

«Отандастар» қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен, сондай-ақ «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ХҚҰ-мен бірлесе отырып, Германия астанасында «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.

Берлинде «Абай үйі» ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, шара аясында «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, онда Германиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері Омбыда (Ресей), Ташкентте (Өзбекстан), Ыстанбұлда (Түркия) ашылған болатын. Сонымен бірге «Отандастар қоры» КЕАҚ шет мемлекеттерде «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері желісін ашуды жалғастыруда.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, «Отандастар» қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Германия-Қазақстан қоғамының директоры Галина Нұртазинова, Қазақстан Республикасының Баден-Вюртембергтегі құрметті консулы Доротея Халлер-Лейбле, Германиядағы қазақ қауымының өкілдері және тағы басқалары қатысты.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

футзал