USD
USD
USD

Берлин кинофестивалі басталды

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Берлин фестивалі 70-ші рет өз есігін айқара ашты.

Берлин кинофестивалі басталды
Фото: NEGE.kz

Әлемнің үздік киногерлерін жинаған сайыста биыл 340 картина көрсетілмек. Оның 18-сі бас жүлде «Алтын аю» және «Күміс аю» сыйлығына таласқа түседі.

Кинофестивальге бақ сынауға келген өнер иелерінің арасында Джонни Депп те бар. Актер төбе көрсеткен картина қалың көрермеге ұсынылды. «Минимата» лентасында голливуд жұлдызына америкалық фотограф Уильям Юджин Смиттің образы бұйырған. Шынайы оқиғаға негізделген туындыда экологияның бұзуылуы салдарынан жапа шеккен жапондықтардың оқиғасы баяндалады.

«Мен негізгі кейіпкердің биографиясын көп оқыдым. Қандай оқиғаларды басынан кешіргенін, кей сәттерді таспалау үшін қандай жанкештілікке барғандығы туралы. Ол ерекше адам. Өз ісіне адал жан», - дейді Джонни Депп.

Экологиялық мәселені көтерген бұл жаңа картинаның бағасын көрермендер береді. Ал Берлин халқаралық кинофестивалі наурыз айына дейін жалғаспақ.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама