USD
USD
USD

Берік Уәли: Президент күнделікті коронавирусқа тест тапсырады

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты пікір білдірді.

Берік Уәли: Президент күнделікті коронавирусқа тест тапсырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты еліміздің көптеген азаматтары алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдап жатыр. Осыған орай, Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулығы жақсы екенін хабарлаймын, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

«Соңғы кездердегі эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты, ол күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Тапсырылған барлық тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Мемлекет басшысы өзінің қызмет орнында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізуде».

Сондай-ақ Берік Уәли Қазақстан Президенті твит арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Тұңғыш Президенттің өзіне тән мықты рухының арқасында, бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдіргендігін жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев