USD
USD
USD

Берік Уәли 2026 жылы Тоқаевтың өкілеттігі аяқталады деген қауесетті жоққа шығарды

ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігіне қатысты жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, президенттің қайта сайланатыны туралы болжамдар негізсіз.

Берік Уәли 2026 жылы Тоқаевтың өкілеттігі аяқталады деген қауесетті жоққа шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін бірқатар шетелдік БАҚ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталады деп хабарлады. Бірақ бұл жағдайды мемлекет басшысының кеңесшісі Берік Уәли түсіндірді.

«Бұл кейбір журналистердің еліміздегі жағдайдан бейхабарлығынан туындаған мәселе болуы мүмкін. Шын мәнінде, мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «2026 жылы референдум өткізу арқылы Конституцияға өзгеріс енгізіп, келесі сайлауға қатысады» деген алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды. Өздеріңізге мәлім, президент 2022 жылдың қараша айында жеті жылға сайланды. Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының өкілеттігі 2029 жылы аяқталады», - деді Берік Уәли.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар