USD
USD
USD

Берік Тұрсынбеков қатынның рөлін ойнауға НЕГЕ құмар?

Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» хабарына қонаққа келген актер Берік Тұрсынбеков қатынның рөлін ойнауға неге құмар екенін айтты.

Берік Тұрсынбеков қатынның рөлін ойнауға НЕГЕ құмар?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алғаш рет «Шаншарда» жүкті әйелдің рөлін ойнадым. Қолыңды ербеңдете берсең болды, әйел боп шығады деп ойлайтынмын. Образды шығара алмадым. Уәкең (Уәлибек Әбдірайымов – ред.) қатты ұрысты. Рөлді менен алып қойды. Енді бастап жүргем, намысыма тиді. Бала кезімізден үйдің тірлігін істеп өстік, тамақ та істейтінбіз, от жағатынбыз, сиыр сауа беретінбіз. Сол кезде анам құрбыларымен шай ішіп отырғанда ұяттың бәрін жинастырып қойып, тыңдайтын болдым. Сөйтсек, әйелді салу деген құр дауысты жіңішке қылып, майыса беру емес екен. Уәкең соны түсіндірді» дейді Берік Тұрсынбеков.

Тұрсынбековтің әйел образын жақсы көретіндер де, сынайтындар да бар. Бұл туралы өзі былай дейді: «Мен оған образ ретінде деп қана қараймын, жұмыс ретінде. Қазақтың қанында бар нәрсе ғой, бір адам іске кіріссе, он адам ақылшы болады. Мұрнына сәл иісі бармай жатып, шариғатты талдап кетеді. Бұл – актердің жұмысы».

 

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші