USD
USD
USD

Бердымұхамедов қайтыс болды

18 сәуірде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің 88 жастағы әкесі Мяликгулы Бердымұхамедов қайтыс болды. Бұл туралы өлкенің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

Бердымұхамедов қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БАҚ мәліметтеріне сәйкес, 1932 жылы туылған Мяликгулы Бердымұхамедов әр жылдары кітапханашы, түркімен тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, кейін ішкі істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. Әскери оқу орнын аяқтап, зейнетке подполковник болып шыққан.

Осыған дейінгі ресми мәліметтерде Мяликгулы Бердымұхамедов батыр және жастарға үлгі болатын адам ретінде сипатталып, қайырымдылық көрсетіп тұратыны, өлең жазатыны да айтылып келген.

Оның есімі Ашғабадтағы №1001 әскери бөлім мен ІІМ қызметкерлері үшін салынған демалыс орнына берілген.

Түркіменстанның ақпарат құралдары ондаған жылдар бойы президенттің әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовті, анасы Огулабатты және үлкен атасы Бердымухамед Анаевті мақтап-мадақтап келеді. Өлкеде Мяликгулы Бердымұхамедов атындағы медаль бар. Бердымухамед Анаев атындағы әскери оқу орны бар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер