USD
USD
USD

Бердібек Сапарбаевтың орынбасары қайтыс болды

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды.

Бердібек Сапарбаевтың орынбасары қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері оның коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол 58 жаста еді. Бұл қызметке шенеунік 2020 жылдың мамырында келген болатын. 

Ұлан Жазылбек – 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетін "заңгер"мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ департаментінің директоры, «Қорғас – сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.
⠀
2017 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың мамырына дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев