Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бердібек Сапарбаев ауыл әкімін сынға алды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде болып, ақсақалдар және жергілікті тұрғындармен кездесті, олардың мәселелерін тыңдады.

Бердібек Сапарбаев ауыл әкімін сынға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында ауыл тұрғыны Гүлзағира Ешмағамбетова ауыл әкімі Зүбаржат Қамиеваның жұмысын сынға алып, шенеуніктің сөзі мен ісі арасында алшақтық көп екенін ашына жеткізді.

Тұрғындар әкімнің өз орнын босатуын талап етіп отыр.

Өйткені ол бар мәселені шешпек түгілі, ауылдастарының сөзіне құлақ асқысы да келмейді.

«Зүбаржат Қамиеваның әкесі 20 жыл бойы ауылдық округті басқарды. Өзі жеті жылдан бері әкім болып жүр», - деді тағы бір ашулы тұрғын.

«Әкімнің креслосы мұрагерлік бойынша берілмейді. Жеті жыл – ауылды абаттандыру, тұрғындарға тиісті жағдай жасау үшін жеткілікті мерзім. 2013 жылдан бастап әкім тек төрт ескі электр бағанасын ауыстырды. Сонда ауылдағы 96 бағанды ауыстыру үшін қанша уақыт қажет? Зубаржат Талғатқызы, сіз Президентке шағым жаздыңыз. Алайда, сіздің әрекетіңіз заңға қайшы. Мұнда барлық шағымдарды тексеретін арнайы комиссия жібереміз. Егер заңсыз әрекеттер расталса, шенеунік заң аясында жауапкершілікке тартылады. Біз шағын ауыл тұрғындарының бір-бірімен араздасуына жол бермейміз, – деді аймақ басшысы.

Кездесуді қорытындылай келе облыс әкімі ауыл тұрғындары көтерген мәселелердің барлығы мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілетінін тілге тиек етті.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG