Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Берденовке жасалған қастандық: Айыпталушы 9 жылға сотталды

«Тұрғын Үй Шымкент» компаниясының бұрынғы басшысы Ернар Жиенбай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Берденов
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Айыпталушы сотта Берденовті өлтіру ойында болмағанын, тек қорқытқысы келгенін айтты. Оның сөзінше, Берденов өзін қорлап, қысым көрсетіп, әйелімен әлеуметтік желіде байланыстың белгілерін жасаған.

Ал Руслан Берденов керісінше, бұл қақтығыс қызметтік сипатта ғана болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Жиенбай жұмысын адал атқармаған, сол себепті ол наразылығын білдірген.

Сәуір айында әкімдік ғимараты алдында Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай 9 жылға орташа қауіпсіздік мекемесіне бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот оны жәбірленушіге 30 АЕК (118 890 теңге) төлеуге міндеттеді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров