USD
USD
USD

Берденовке оқ атылған қару сотталушының қолына қайдан түсті?

Ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденовке «Тұрғын үй Шымкент» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры Ернар Жиембайдың Шымкент әкімінің сол кездегі орынбасары Руслан Берденовті атқан мылтығы Астанада қолданыстан шығарылғаны рас па деген сұрақ қойылды.

Берденов
Фото: әлецметтік желіден

Алматы, NEGE. Министр қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Жарамсыз деп танылып, қолданыстан шығарылған мылтықтың Шымкентке қалай жеткені және оның не себепті жойылмай сатылғаны анықталуда. 

Сонымен қатар Сәденов қару айналымына байланысты полиция тарапынан салғырттық болғанын растады.

«Иә, өкінішке қарай, мұндай жайттар болды. Дәл «сатты» деуге келмейді, бірақ қызметкерлер тарапынан немқұрайлық болған. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында кімнің кінәлі екені, қаруды кімнің бергені анықталады», – деді министр.

Естеріңізге салайық, биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды. Әкімнің орынбасарына «Тұрғын үй Шымкент» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры Ернар Жиембай бес рет оқ атқан. Қастандыққа түрлі жайттар себеп болғаны айтылды.

20 тамызда күдікті Ернар Жиенбай  Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасамақ болғаны үшін 9 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар