USD
USD
USD

Бензин тағы да қымбаттауы мүмкін

2021 жылдың ақпанында бензин 0,5% қымбаттаған

Бензин тағы да қымбаттауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

. Жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы 2-10 теңгеге көтерілген, деп хабарлайды energyprom.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда 408,1 мың тонна бензин өндірілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Бұл отандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қарқынын бәсеңдеткенін көрсетеді. Елімізде негізгі бензин өндірушілер – «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, Павлодар, Атырау мұнай өңдеу зауыттары. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында олар 4,5 млн тонна мотор отынын өндірген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1%-ға аз. Сонымен қатар өткен жылы (қаңтар-желтоқсан) жоғарыда аталған компаниялар бензинге сұранысты (ішкі нарық және экспорт) толық қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, Қазақстан экспортқа 516,3 мың тонна бензин жіберіпті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 есе көп. Ішкі нарықта 4 млн тоннаға жуық бензин сатылған (2019 жылмен салыстырғанда минус 11,6%). Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин маркасына байланысты оның бағасы литріне 2-10 теңгеге көтерілген. Бұл 2020 жылы акцизге бағаның өсуімен байланысты. Мамандар бағаның одан әрі өсуіне алғышарттар бар екенін айтады. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың ақпанында бензин 0,5%-ға қымбаттапты. Қазақстандағы АИ-92 литрінің орташа бағасы – 151,3 теңге, АИ-95/96 – 172,3 теңге, АИ-98 – 191,4 теңге.

Қазір оқып жатыр

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова