USD
USD
USD

Бензин бағасы төмендемейді

 Елде жақын арада бензин арзандамайды. Бұл туралы Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бензин бағасы төмендемейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жуырда ОПЕК+ елдері қара алтын өндірісін азайтуға келіскен. Сол уағдаластық бойынша Қазақстан соңғы екі айдың өзінде мұнай өндіруді 23 процентке азайтты. Алдағы айларда шикізатқа сұраныс қалай болатыны белгісіз. Сондықтан бағаның қалай құбылатынын дөп басып айту мүмкін емес, дейді вице-министр. ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов: "Біздегі мұнай өнімдерінің бағасы төмендеген жоқ. Отандық мұнай өңдеу зауыттарынан шыққан өнім бағасы қашан да экспорттық өнім бағасынан төмен болатын. Қазіргі экспорттық өнімдердің бағасы біздің ішкі нарықта өндірілген жанар-жағар май бағасымен теңесті. Сондықтан біздегі өнім құнының құлдырауын күтіп қажеті жоқ. Себебі ол бағаны құрайтын қызмет бағасы сол қалпында қалды" деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков