8 Желтоқсан 12:32
...

Бензин бағасы өсейін деп тұр

Фото:

Қазақстанның ішкі нарықтағы сұранысы жылына 17 миллион тонна шикі мұнай.

Алматы, NEGE. Келесі айдан бастап елімізде бензин бағасы өсуі мүмкін. Бұған Еуразиялық одаққа мүше елдерге арналған ортақ нарық себеп. Экономистер алдағы уақытта жанармай құны бірте-бірте көрші Ресейдегі бағамен теңеседі деп отыр.

 Соңғы бірнеше жыл бойы жанар-жағар май бекеттеріндегі баға тұрақты. Бірақ сиыр жылынан бастап бензин қымбаттайды деген сыбыс тағы шықты. Елдің бас энергетигі оның құны Ресеймен теңестінін айтып қалды. ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев: «Алдағы жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында мұнай мен мұнай өнімдерінің бағасын реттеу туралы келісім күшіне енеді. Осыған сай одаққа мүше барлық елдерде ортақ баға орнатылады. Бұл осы ұйым аясында өз мойнымызға алған міндеттемеміз» деді.

Ресейде сұранысқа ие АИ-92 бензинінің құны шамамен 230-240 теңге. Бізде 150 теңгенің айналасы. Айырмашылық 80-90 теңге.

Баға бірден өзгермейді. Экономикалық одақ келісімі бойынша, бұл процесс 2024 жылға дейін жалғасады. Мамандар мұнайлы елде бензиннің қымбаттылығына үш себепті атайды. Бірінішісі – біздегі үш алып мұнай кенішін 49 жылға жалға алып отырған компаниялардың бәрі өнімді Еуропаға жөнелтеді. Ал шикізат Ресей құбырлары арқылы тасымалданады. Көрші елге тәуелділіктің бір ұшы осында жатыр. Дегенмен, оларды айналып өтетін балама мүмкіндіктер де жоқ емес екен.

Мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов: «Нарықты шығысқа қарай бұру керек, негізгі шикі мұнайды тұтынатын Қытай мен Индияға бет тұру керек. Ол үшін құбырын шығысқа күшейту керек. Қазіргі таңда Бейнеу – Алашонькоу құбыры 20 миллион тонна мұнай айдауға жетеді. Оны ұлғайту керек Индияға жету үшін мұхитқа жол іздеу керек, ол үшін Қытайдың портын жалға аламыз ба, шикі мұнайды тасымалдау үшін амал жоқ Ресейдің бізге ұсынып отырған экономикалық жолымен емес, өзіміздің дербес тәуелді емес жолымызды қаратастыруымыз керек» деді.

Алайда бұл нұсқа біздің мұнайды игеріп жатқан инвесторларға тиімсіз. Олардың бағдары Еуропа. Шикізат өңдейтін зауыттары да, дайын өнімді қымбатқа алатын нарық та сонда. Жуырда ғана елдегі үш мұнай өңдейтін зауытты жөндеуден өткізген инвесторлар енді жаратқан ақшасын кері қайтарып жатыр. Бензин бағасының арзандамауына тағы бір себеп осы. Өнімді зауыттан жанармай бекетіне дейін жеткізуші делдалдардың да бұл нарықтағы үлесі бағаны байлап тұр.

Тегтер: