Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бензин бағасы неге құбылып тұр?

Қазақстанда бензин бағасы неге құбылып тұр? Бүгін бұл сұрақты Парламент қабырғасында Альберт Рау көтерді.

Бензин бағасы неге құбылып тұр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутат бензин бағасын реттеу үшін жаңа механизм енгізу қажеттігін айтты. Құзырлы органдар бұрын бағаның құбылуын импортқа тәуелділік пен мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеумен байланыстыратын. Енді «Атырау зауытындағы авариялық жағдайға байланысты бензин бағасы да шарықтай бастаған» дейді. Депутат жанар-жағармайдың қымбаттауы сайып келгенде қарапайым тұтынушының қалтасын қағатынын атап өтті. Артынша Энергетика министрлігі де жауап берді. «Қазіргі таңда бензин бағасының қымбаттауын көріп отырмыз. Мұнай өнімдерінің құнын реттеуге мемлекет араласа алмайды. Бағаны нарықтың өзі белгілейді. Бензин 2015 жылдан, ал дизельді отын 2016 жылдан бері мемлекет бақылауында емес. Мұндай ахуал көрші елдерде де байқалып отыр», - дейді министрлік өкілі. Нарыққа мемлекеттің неге араласпайтынын сала өкілі былай түсіндірді.

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов:  "Мұнай өнімдерін арзандату мемлекетте тиімсіз тәсіл болып тұр. Бағаның төмендеуін шекаралас мемлекеттер өз пайдасына қолданып кетуі мүмкін. Көлеңкелі экономика көлемі артып, түрлі жолдармен тасымал пайда болады. Сайып келгенде елдің мұнай өңдеу саласын айтарлықтай шығынға әкеледі. Сондықтан жағдайды нарықтың өзі реттегені жөн деп есептейміз", - дейді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық