USD
USD
USD

Бензин мен дизель әкетуге салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылмақ

Энергетика министрлігі автомобиль және теміржол көлігімен бензинді, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйымды тағы алты айға ұзартпақ.

бензин экспорты
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 21 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Тыйым 2026 жылғы 22 мамырдан 2026 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімді қамтиды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қоса алғанда, автомобиль және теміржол көлігімен бензиндерді, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін әкетуге жол берілмейтіні айтылған.

«Жоба ережелері ұлттық қауіпсіздікті және мұнай өнімдерінің ішкі нарығының қажеттіліктерін өтеуге бағытталған», – делінген құжатта.

Бұған қоса 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алты айға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын әкетуге тыйым енгізу жоспарланған. 

Бұл ретте тыйым Үкіметтің шешімімен іске асырылатын гуманитарлық көмекке қолданылмайтыны ескертілген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы