USD
USD
USD

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы көршілес елдермен салыстырғанда екі есе төмен болғандықтан, мұнай өңдеу саласына инвестиция салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл жөнініде Үкімет басшысы мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің мәлімдеуінше, 2030 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаты 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға, ал 2031 жылға қарай Павлодар мұнай-химия зауытының қуаты 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Атырау мұнай өңдеу зауытының қуатын 5,5 млн тоннадан 6,1 млн тоннаға дейін арттыру жобасын 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Осы жобалардың нәтижесінде үш зауыттың жалпы өндірістік қуаты жылына 17,5 млн тоннадан 28,8 млн тоннаға дейін өседі.

Сонымен қатар Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Энергетика министрлігінің бағалауынша, ұзақ мерзімде елге жылына 40 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу қуаты қажет болуы мүмкін.

Премьер-министр жыл соңына дейін төртінші МӨЗ бойынша кешенді бағалауды аяқтап, оның қуаты, орналасуы, шикізат базасы және экономикалық моделі жөнінде түпкілікті шешім қабылдауды тапсырды.

Жиында мұнай өңдеу қуатын арттыру, жобалардың мерзімін сақтап, нысандарды уақытында іске қосу және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бұл ретте премьер-министр мұнай өңдеу қуатын арттыру ішкі нарықтағы жанар-жағармай бағасына тікелей байланысты екенін айта келе, нарықты ырықтандыруды жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком

Қазақ және мыс. Владимир Ким НЕГЕ ақша санауда?

Казақмыс

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы атанды

Ерлан Қошанов