Белсенділер депутат Қарақат Әбденнің мандатын қайтарып алуды талап етті
Белсенділер депутат Қарақат Әбденнің мандатын қайтарып алуды талап етіп петиция бастады.
Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбденнің конституциялық нормаларды бұзғаны, сайлаушылардың сенімін жоғалтқаны үшін мандатынан айыруды талап етеміз!» – делінген петицияда.
Петицияға «НеМолчиKZ» қоры бастамашы болды. Авторлар Қарақат Әбден өзінің сайлауалды науқаны кезінде шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарға жоғары салық салуды жақтағанын атап өтеді.
5 сәуірде парламент депутаты болған Әбден бұл идеяны жүзеге асыратынын мәлімдеген болатын. вторлар Конституцияның баптарына алғатарта отырып, мұнымен мүлдем келіспейді. Өйткені бұл Қазақстан азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектейді.
«Конституциялық құрылысты, қоғамды қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтемегені және азаматтардың құқықтарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбденнің мандатынан айыруды талап етеміз. Депутаттық этиканы бұзды және антына адал болмады. Жақында ол барлық депутаттар сияқты Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, өзіне жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант еткен еді. Бірақ ол өзін халық қалаулысы екенін ұмытып кетті. Енді депутаттық мандатын пайдаланып өзінің жеке конституциялық емес идеяларын насихаттауға құқығы жоқ» – деді белсенділер.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады