USD
USD
USD

Белсенді «Қазақмыс» басшыларын жауапқа тартуды талап етті

Азаматтық белсенді Берік Жағыпаров «Жомарт» кенішіндегі 7 адамның өмірін қиған трагедиядан кейін «Қазақмыс» корпорациясының басшылары емес, қарапайым жұмысшылар тергеліп жатқанына назарылық білдіріп, әділ тергеуді талап етті.

kazakhmys.kz
Фото: kazakhmys.kz

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, қылмыстық іс аясында Жезқазған шахтопроходкалау тресінің үш қызметкері тергелуде. Ал «Қазақмыс» компаниясының топ-менеджментінен бірде-бір адам жауапкершілікке тартылмаған.

«Бүгінде кінәні басқарушылық шешім қабылдайтын, қауіпсіздікке жауап беріп, регламенттерді бекітетін, адамдардың өмірінен үнемдейтін тұлғаларға емес, күн сайын басын қатерге тігіп, жер астына түсетін жұмысшыларға артуға тырысуда», – деп жазады белсенді желідегі жеке парақшасында. 

Ол жұмысшылар жариялаған видеоүндеуді «митинг те, саясат та емес, әділдік іздегендердің жанайқайы» деп есептейді.

«Олар кінәсіз әріптестеріне қарсы жүргізіліп жатқан қудалаумен келіспейтінін ашық мәлімдеді және адал, объективті тергеу жүргізуді талап етті.

Егер 7 адам қаза тапса, бұл "орындаушылардың қателігі" емес. Бұл – жүйелі сәтсіздік. Бұл – басшылықтың жауапкершілігі. Бұл – жер астында жұмыс істейтіндерге емес, жылы кабинеттерде отырғандарға қойылатын сұрақ. 

Жұмысшыларды кінәлау – ең ыңғайлы әрі ең арсыз жол», – деп мәлімдеді Берік Жағыпаров. 

Ол трагедияны қарапайым шахтёрлерге жауып, жүйедегі кінәлілердің жауапкершіліктен сытылып кетуімен келіспейітінін жеткізді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішіндегі апаттан жеті адам қаза тапқан еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.