USD
USD
USD

Белорустар НЕГЕ Ресейге қосылғысы келмейді?

Минскіде Ресей Федерациясымен бірігуге қарсы жүздеген тұрғын қаланы топ болып аралап өтті. 

Белорустар НЕГЕ Ресейге қосылғысы келмейді?
Фото: NEGE.kz

TUT.BY, Фото Ольга Шукайло

Олар түнде Октябрь алаңына жиналып, Ресеймен интеграцияға наразы екенін айтты. Акция қалалық билікпен келісілмеген. Жиынның басында 600-ге жуық адам болса, кейін ол екі есеге көбейді.

TUT.BY, Фото Ольга Шукайло

Жиналған 1200 адам Октябрьская алаңынан Тәуелсіздік алаңына бет алды. Артынан Немигаға көшіп, бүкіл Зыбицкаяны аралап, Октябрь алаңына қайта оралды.

TUT.BY, Фото Ольга Шукайло

Шамамен түнгі сағат 21.00-ден кейін адамдар тарай бастады. Белорус милициясы акцияға шыққан азаматтардың біреуін де тұтқындамады.

Белорус оппозициясы басқыншы деп Ресей басшысы Владимир Путинді және оның ығына жығылып отыр деп өз президенті Александр Лукашенконы кінәлап отыр.

Оқи отырыңыз: Путин қыздарын тағы да мойындамай қойды

 

Оппозиция егер билік интеграция жұмыстарын тоқтатпаса, апта сайын митингтер өткізуге уәде берді. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

мұғалімдердің жеке дерегі

«Өз күшімен жағаға шыққан»: Маңғыстауда аман қалған матрос туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Путин Еуропаға және тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев