USD
USD
USD

Белгісіз біреу Израильдің Бельгиядағы елшілігіне граната лақтырды

Оқиға туралы француз тіліндегі бельгиялық  La Lidre Beigigie газеті жазды, деп хабарлады kazinform.kz.

Брюссель
Фото: Edouard Smekens

Алматы, NEGE. Брюссель прокуратурасының мәліметінше, жұма күні таңертең Еуропа астанасының Уккель коммунасындағы Израиль елшілігіне белгісіз біреу страйкбол гранатасын лақтырған.

«Жұма күні таңертең шамамен сағат 5:30-да белгісіз біреу Уккельдегі Израиль елшілігіне қарай страйкбол гранатасын лақтырған», – деп түсіндірді прокуратура.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, кезекші прокурорға хабарлаған. Оқиға орнына сондай-ақ полицияның техникалық және ғылыми зертханасы, жарылғыш заттарды залалсыздандыру және жою қызметі де келді. Тергеу мүддесі үшін айыптаушы тарап бұл мәселе бойынша бұдан әрі түсініктеме бермейді.

Осы аптаның басында Бельгияның коалициялық үкіметі Палестинаны ықтимал тану туралы келісімге келе алмады. Дегенмен премьер-министр Александр Де Кроо Брюссель Газадағы атысты тоқтатуға және қақтығысты екі мемлекет принциптері негізінде шешуге белсенді түрде ұмтылатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс