Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Белгілі заңгер Қазақстанда дінді мемлекеттен бөлуді ұсынды

Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Серік Ақылбай Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Ата заңға діннің мемлекеттен бөлектігін тікелей нормамен айқындай түсу қажеттігін айтты. 

Конституциялық
Фото: Конституциялық Сот

Астана, NEGE. Одақ төрағасы Серік Ақылбайдың пікірінше, қазіргі таңда елдің негізгі заңында зайырлылық қағидаты бекітілгенімен, ол нақты әрі айқын тұжырымдалмаған.

«Діннің мемлекеттен бөлінуі туралы тікелей конституциялық норманың болмауы құқық қолдану тәжірибесінде екіұштылыққа жол береді. Жоғары заңдық күшке енген акт ретінде Конституция мұндай нәзік салада кеңейтілген түсіндіруге жол бермеуге тиіс. Мемлекеттің зайырлы сипаты барлық діни, бейтарап көзқараста, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге тиіс, — деді заңгер.

Ол мұның ар-ождан бостандығын шектемейтінін, керісінше, оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін кепіл екенін атап өтті.

«Мұндай шешім адам құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, Конституцияға және мемлекеттік институттарға деген қоғам сенімін арттыруға, ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттің орнықты әрі теңгерімді дамуына қамтамасыз етуге ықпал етері сөзсіз», — деді Серік Ақылбай.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық