USD
USD
USD

Белгілі тележурналист Диля Ибрагимова қайтыс болды

Белгілі тележурналист Диля Ибрагимова өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. 

тележурналист
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана, NEGE. Министрлік марқұмның қазасына байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтты.

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды. Отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты.

Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын! – делінген хабарламада.

Диля Ибрагимова бірнеше жыл бойы ауыр дерттен зардап шеккен. Оның артында ұлы қалды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы