2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Белгілі спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Танымал спорт журналисі Диас Ахметшәріп 49 жасында өмірден өтті. 

Диас Ахметшәріп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін Диас Советқалиұлы миына қан құйылып, комаға түскені айтылған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған.

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жыл «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі болған.

«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2003-2007 жж — ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;

2010 — 2012 жж — «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);

2012-2013 жж — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі болды.

Олимпиада және Азия ойындарының, спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болды.

Еске салсақ, 2023 жылдың күзінде Диас Ахметшәріп Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі жанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі кеңестің құрамында жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздығ денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау