USD
USD
USD

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Әбдімомын Желдібаев
Фото: Qazaqstan

Алматы, NEGE. Әбдімомын Желдібаев Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақты "Шу еркесі" халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.

Автордың "Жетісу сазы", "Толғау", "Көк шолақ", "Сұңқар сезім", "Ерке сылқым", "Өмір өзен", "Әулие-ата", "Боз жігіт", "Ыдырыс" атты т.б. күйлері, "Сұлутер", "Қызыл гүлім-қызғалдағым", "Шырайлым", "Қызыл елiк", "Сырымды айтам" секілді көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.

Тұлғаның қазақ өнерінің алтын қорына енген "Өмір-дастан", "Жетісу сазы", "Шабыт", "Көкшолак". "Төле би толғауы", "Самғау", "Ерке сылқым" күйлері бар. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж