USD
USD
USD

Белгілі қазақстандық актер есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды (видео)

Әлеуметтік желіде қазақстандық актер Мәди Жолбасаровтың Көкшетау қаласында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция аталмыш ақпартты растады. Актерді тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен «аlfa-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді.

– Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада. 

Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер