USD
USD
USD

Белгілі дәрігер Камал Ормантаев дүниеден өтті

Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камал Ормантаев дүниеден озды.

Камал Ормантаев
Фото: kaznmu.edu.kz

Алматы, NEGE. Қаралы хабарды Facebook желісінде марқұмның ұлы Жарас Ормантаев естіртті.

«Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы – академик Камал Ормантаев өмірден озды» , – деп жазды Жарас Ормантай.

Қазақстанның балалар хирургиясы, педиатрия, травматология мен анестезиологиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Жоғары білікті балалар хирургі Камал Ормантаев көкірек қуысы, өкпе, өңеш, құрсақ қуысы, бас сүйек пен бүйрек мүшелеріне жиырма төрт мыңға жуық күрделі ота жасаған.

Камал Ормантаев 320-дан аса ғылыми жұмыстардың, балалар хирургиясы бойынша кеңестік нұсқаулардағы 9 тараудың және 9 монографиянығ авторы.

Дәрігер II дәрежелі «Достық», III дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

NEGE редакциясының ұжымы академик К.Ормантаевтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі