USD
USD
USD

Белгілі әнші Баян Сағымбаева өмірден өтті

Қазақтың «Ақ Баяны» атанған әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағымбаева өмірден өтті, - деп хабарлады Абай облысының Мәдениет басқармасы.

Сағымбаева
Фото: Абай облысының Мәдениет басқармасы

Алматы, NEGE. Баян Сағымбаева 1951 жылы 14 наурызда Абай ауданында туған.

16 жасында М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Қаракөз рөлін ойнап танымал болды. Бүкілодақтық байқауға қатысып, Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның рөлін сомдады. «Қазақконцертте» еңбек етіп, қазақ өнерін шет мемлекеттерде паш етті.

Бүкілодақтық жастар сыйлығының иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы. Өмірінің соңына дейін Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда қызмет етті.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов