USD
USD
USD

Бельгияда әр тұрғынға бетперде үлестірілді

Бельгия билігі осыдан бір ай бұрын берген уәдесін орындап, елдің әр тұрғынына қалың матадан тігілген бетперде мен екі фильтр жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бельгияда әр тұрғынға бетперде үлестірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 сәуірде өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде премьер-министр Софи Уилмес бүкіл халықты маскалармен қамтитынын мәлімдеген болатын. Індет басталғаннан кейін көп ұзамай елде бетперделер таусылған болатын. Ал енді олар қолжетімді бағамен дәріханалар мен супермаркеттерде сатылып жатыр. 4 мамырдан бастап Бельгияда біртіндеп карантин шараларын жеңілдете бастады. Осыған қарамастан, елде коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді. Соңғы тәулікте бұл дертті 137 адам жұқтырды. Ал алды күні ауруды жұқтыру саны 50-ге артық болған. Жалпы Бельгияда 57 мыңнан аса науқас тіркеліп, тоғыз мың үш жүзден астамы қайтыс болды. Карантинді жеңілдетудің келесі кезеңі 8 маусымда басталды. Сонда кафе мен мейрамханалар ашылып, ел аумағында саяхаттауға рұқсат беріледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.