USD
USD
USD

Бельгия карантинді жеңілдетудің кезекті кезеңіне өтеді

 Бельгияда коронавирус індетінің жайылуы бәсеңдей бастады. Осыған орай елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңіне өтуді мақұлдады.

Бельгия карантинді жеңілдетудің кезекті кезеңіне өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің премьер-министрі Софи Уильмес маусымның 8-інен бастап аймақтағы мейрамхана, бар мен кафелердің ашылатынын хабарлады. Ал 15-інен бастап бельгиялықтар Еуропа бойынша саяхаттай алады. Бұған қарамастан тұрғындар әлі де арақашықтықты сақтап, маска тағуы тиіс. Маусым айының ортасында корольдік Еуроодақ елдері, Ұлыбритания мен Шенген аумағына кіретін тағы 4 елмен өз шекарасын ашпақ. Алайда бұл елдердің шекарасы да осы кезде ашылады деген сөз емес. Кәрі құрлық елдері өздігінен жеке-дара шешім қабылдайды. 

Софи Уильмес, Бельгияның премьер-министрі: - Маусымның 8-інен бастап барлар мен мейрамханалар ашылады. Әрине, санитарлық талаптар сақталу керек. Үстелдердің арақашықтығы 1,5 метр және ғимарат ішінде көп дегенде бір мезгілде 10 адамнан артық отырмау тиіс. Ал, келушілерге даяшы қызмет көрсетеді. Қоғамдық тамақтану орындары түнгі сағат 1-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Ал, әлеуметтік арақашықтық сақталмайтын түнгі клубтар тамыз айының соңына дейін жабық болады. Маусымның 8-інен бастап шілденің 1-іне дейін барлық мәдени іс-шаралар көрерменсіз өтеді. Кейін залда 200 адамға дейін жиналуға рұқсат беріледі.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Нұрбек, Тоқаев

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

оңалту орталығы