Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бельгия халқы карантинді жеңілдетпеуді сұрады

Бельгияда карантин талаптарының жеңілдеуіне байланысты елдің білікті вирусологтары мен жергілікті тұрғындар қарсылығын білдіруде.

Бельгия халқы карантинді жеңілдетпеуді сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәселен, соңғы кездері аймақта коронавиусқа шалдыққан науқастардың саны күрт өсіп кеткен. Бұған қарамастан үкімет қазанның бірінен бастап, сыртта маска тағудың міндетті болмайтынын хабарлады.  Сонымен қатар бұдан былай «қызыл аймақтан» оралған азаматтардың карантинде отыру мерзімі 14 күннен бір аптаға дейін қысқарды. Ал індетті анықтайтын тестті карантиннің тек 5-күні ғана тапсыруға болады. Жергілікті тұрғандар биліктің бұл шешіміне үлкен күмәнмен қарап отыр. Ал елдің бас вирусологы Эммануэль Андре бұл өте қауіпті шешім екенін айтып дабыл қағуда.

Қабылданған шаралар қазіргі жағдайға қарама-қайшы. Бізді екі ай бойы маскамен жүруге міндеттегеннен кейін, енді ойда жоқта шешіндер дегені несі? Түсініксіз жағдай! Бір аптаның ішінде вирус ешқайда кеткен жоқ. Бұдан кейін вирустың бар жоғына да күмәнмен қарайтын болдым! Айта кетейік, 11 млн 500 мың халқы бар елде соңғы аптада 1 мың 400 адам коронвирус инфекциясына шалдыққан.

Соңғы рет бұндай көрсеткіш ауру өршіп тұрған наурыз бен сәуір кезінде тіркелген еді. Қазір қоғамдық іс-шаралардағы адам саны шектеулі. Десе де, билік өкілдері жағдай кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтады. Бұл аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ. Тіпті кей өңірлер аурудың дендеуіне байланысты түрлі түстермен де белгіленуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу