USD
USD
USD

Бельгия Газаға гуманитарлық көмек жіберді

Бельгия үкіметі келесі аптада Газа секторына гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте Палестина халқына жалпы құны 500 мың еуроны құрайтын жүк әскери ұшақтардан әуеден түсіріледі, деп хабарлады kazinform.kz

Сектор
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. Премьер-министр Александр Де Крооның айтуынша, Бельгияның көмегі жалпы құны 100 мың еуро болатын азық-түлік өнімдері мен 400 мың еуроға жуық медициналық құрал-жабдықтардан тұрады.
Гуманитарлық көмекті әуе арқылы жіберу шешімі Газаға шекаралық өткелдер арқылы жүк тасымалдаудың қиындығына байланысты қабылданды.

Бельгияның A400M ұшағы Иорданияға ұшады. Жүк бір апта ішінде Газа секторына жеткізіледі. Осы мақсатта иорданиялықтармен әуе операциясының практикалық жағын талқылау және талдау үшін елге Қорғаныс министрлігінен бір топ жіберілді.

Бұған дейін Франция мен Нидерланд та Иорданиямен бірге осындай операциялар жүргізген.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы