USD
USD
USD

Белгілі заңгердің өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

Танымал адвокат Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Белгілі заңгердің өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істі сотқа жіберді.

"Оның бұрынғы күйеуі прокуратураның келісімімен күдікті деп танылғаннан кейін соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кеткен болатын. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Ресми мәліметке сәйкес, 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында 1980 жылы туған Айман Асанова көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ол 12 қазанға қараған түні қайтыс болды.

Айман Асанова заңгерлік қаржы компаниясының бас директоры болған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар