Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ардагер тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

 Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

Ардагер тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты. «Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.

Қазір оқып жатыр

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Телефон

Каспийдегі мұнай-газ компаниялары терроризмге қарсы күштерді орналастыру үшін орын бөлуге міндеттелмек

Каспий

Атырау облысында 190 мың тұтынушы «ақылды» есептегіштерге көшіріледі

Атырау облысы

Шабуылдардан кейін Новороссийск портында қазақстандық мұнай қайта тиеле бастады

мұнай