USD
USD
USD

Белгілі тарихшы Талас Омарбеков дүние салды

Қазақтың көрнекті тарихшысы, зұлмат жылдардың ақтаңдақ беттерін ашып, бүгінгі ұрпаққа қаз қалпында жеткізген ғалым Талас Омарбеков дүниеден өтті.

Белгілі тарихшы Талас Омарбеков дүние салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Fаcebook-тегі парақшасында жазды.

«Қайран Талас ағамыз Хаққа қауышыпты. Тарихшылардың тірегі еді, ақтаңдақтарға алғаш барғандардың бірі еді, ірі еді… Иманы жолдас болсын!», - делінген жазбада.

Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Ақжар ауылында дүние есігін ашқан.

Жоғары білімді Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетінде алады. 1971 жылы оқуын тәмамдап, қызмет жолын Жамбыл облысының Жуалы және Байзақ аудандарында тарих пәнінің оқытушысы, оқу ісінің меңгерушісі ретінде бастады. Ғалым қазақтың көзі қарақты қауымына Мұхамед Хайдар Дулати мұраларын, орта ғасырлардағы тарихи тұлғаларды ұлттық көзқараста зерделеп, қазақ тарихын кезеңдеудің теориялық-методологиялық мәселелері бойынша іргелі пайымдар жасаған зерттеуші ретінде белгілі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе