USD
USD
USD

Белгілі профессор Амангелді Айталы өмірден өтті

Қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы 83 жасында өмірден өтті. 

Белгілі профессор Амангелді Айталы өмірден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚазҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Философия ғылымының докторы, профессор. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің депутаты. Бірнеше кітаптың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.

«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова