USD
USD
USD

Белгілі қаламгерді еске алды

Әріптестері белгілі жазушы, журналист Смағұл Рахымбекті еске алды.

Белгілі қаламгерді еске алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәдениет қайраткері, ақын, жазушы, белгілі журналист Смағұл Раxымбектің 70 жылдығына орай еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Смағұл Рахымбек 1952 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Шамшырақ» газетінен бастаған ол ұзақ жылдар бойы Ақмола облыстық телерадио компаниясында аға редактор, бас редактор лауазымдарында болды. Кейін ҚР Президентінің телерадиокешенінде бас редактор қызметін атқарған. Саяси-қоғамдық істерге де белсенді атсалысты. Арқа өңірінде мемлекеттік тілдің, ұлттық салт-дәстүрдің дамуына мол үлес қосты. Қаламгер шығармашылық жолда үлкен табыстарға қол жеткізді. Өлеңдері мен прозалық туындылары жеке кітап болып шықты.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақселеу Сейдімбек залында өткен басқосуды ғалым-журналист Мұратбек Тоқтағазин жүргізді. Журналистика саласының ардагерлері Жанболат Аупбаев, Бәдуан Имашұлы, Кенже Жұмағұлов, Қазина Нұрқанова, Күләш Молдахметовалар сөз алып, Смағұл Рахымбектің азаматтық асыл қасиеттері, әріптестері арасында сыйлы болғандығы жөнінде естеліктер айтып берді.

Мектепте бірге оқыған сыныптасы Қалы Мантиков жастық шақтағы қызықты оқиғаларды баяндай келіп, замандастары ақынды қадір тұтатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қытаймен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтуға дайын – Тоқаев

Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы

ERG Қазақстандағы үш еншілес компаниясын тарату жұмыстарын бастап кетті

ERG

Алматылық фармацевт ұйымдасқан қылмыстық топқа ірі көлемде трамадол сатып келген

дәрілік зат

Путин Тоқевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру жөніндегі ұсынысына жауап берді

Путин