USD
USD
USD

Эпидемиолог үнді штамы туралы: Мұның зардабы пандемиядан гөрі ауқымды болуы мүмкін

 Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург үнді штамының қауіпті екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Эпидемиолог үнді штамы туралы: Мұның зардабы пандемиядан гөрі ауқымды болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирустың үнді штамы және оның мутациясы – қауіпті. Өйткені вирустың бұл нұсқасы жасушаларға еніп, антиденелерге өте төзімді болады. «БАҚ-та айтылып жүрген үнді штамының мутациясы, әрине, қауіпті. Өйткені үнді штамының өзі қауіпті: ол жасушамен өзара әрекеттесудің басқа сипатына ие. Ол жасушаларды жоймайды, бірақ бір жасушадан екінші жасушаға ауысып, көп ядролы жасуша түзеді. Осылайша ол ішке кірген кезде қанда айналатын антиденелерге өте төзімді болады. Бұл – оның әдісі», – деді ғалым.

«Дельта» штамы былтыр қазанда Үндістанда табылған. Сол кезден бастап ол бүкіл әлемге таралды, оның ішінде Қазақстанда да анықталған.  

Ұлыбританиялық инфекционист Абдул Ғафурдың айтуынша, SARS-CoV-2 дельта-нұсқасын жұқтырған адамдарда диарея жиі кездеседі. Маман мұндай симптом коронавирустың алғашқы толқынында сирек кездескенін айтты.

Сингапур ғалымы Тео ИК Ин Straits Times газетіне берген сұхбатында үнді штамы әлемдегі COVID-19 пандемиясының өршуіне әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.

«Штамм әлем бұрын көрген пандемиядан гөрі ауқымды болуы мүмкін», – деді ғалым.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan