USD
USD
USD

Белгілі актер коронавирусқа қарсы ем тапқан адамға ақша бермек

Қытай актері Джеки Чан коронавирустың жаңа типінне қарсы дәрі жасаған адамға миллион юань (шамамен 55 миллион теңге) беруге уәде етті, – деп хабарлайды  New Strait Times басылымы. 

Белгілі актер коронавирусқа қарсы ем тапқан адамға ақша бермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Вируспен күресте "Ғылым мен технология – кілт, көптеген адам бұл ойымды қолдайды деп ойлаймын және емі мүмкіндігінше ерте ойлап табылады деген үміттемін", – деді әртіс. 

Жеке тұлға болсын, ұйым болсын – кімде-кім вирусқа антидот жасап шығаратын болса, оған актер сыйақы беруге уәде етті. Актер ниеті дұрыс түсінілмей қалмауын өтінді.

"Мәселе ақшада емес. Бір кездері адам толып жүретін көшелердің бос қалғанын көргім келмейді, отандастарым вируспен өлгенше күрескенін көргім келмейді, олар өмірдің рахатын көруі тиіс", – деді ол.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус құрбандарының саны 811-ге жетті, 37,1 мың адам ауру жұқтырған, 2649 адам емделіп, ауруханадан шығарылған.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика