USD
USD
USD

Белгіленбеген орындарда сауда жасағандарға айыппұл салынады

Қала құрылысы мен келбетін ретке келтіру мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Абай ауданы аумағындағы ретсіз сауда қатарларын жою бойынша рейдтік іс-шара өткізілді.

Белгіленбеген орындарда сауда жасағандарға айыппұл салынады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және жергілікті полиция қатысты.

Нәтижесінде «Жабық», «Алаш», Авто-нұр» базары айналасындағы және Темірлан тас жолы бойында және Әл-Фараби көшесі бойындағы белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін жеке тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екендігі түсіндірілді.

Айта кетейік жыл басынан бері 549 әкімшілік хаттама толтырылып, 430257 теңге айыппұл салынып, оның ішінде 157257 теңге өндірілген. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам