USD
USD
USD

«Белдесу тағдырын төрт ұпай шешіп кетті» – Әлішер Ерғалидің бапкері ширек финалдық белдесуді қорытындылады

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғалидің жеке бапкері Пернебек Беласар Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жекті қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.

Әлішер Ерғали
Фото: Сали Сабиров

Алматы, NEGE. "Өте өкінішті. Біз жақсы дайындықпен келген едік. Төрт ұпай бәрін шешіп кетті.

Біздің мақсатымыз қарсыласты шаршату болған. Алайда, тағы да айтамын, сол төрт ұпай жоспарымызды бұзды.

Тажудиновті бабында емес деп айтуға болмайды. Олимпиада болған соң, барлық балуан бабында келеді.

Осы жеңіліс үшін халықтан кешірім сұраймыз. Енді Ахмед финалға шықса, әрі қарай жақсы күресеміз деп ойлаймын", - деді Әлішердің жеке бапкері Пернебек Беласар.

Айта кетелік, Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында әлем және Азия чемпионы Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын.

Егер қарсыласы финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов